KLMZ

+7 (7212) 95-29-00

контактный центр

RU
RU
KZ
EN
Сенбі күні Қарағанды қаласындағы Nomad Arenaда KLMZ ұйымдастыруымен облысымыздың машина жасаушылары арасында футболдан алғашқы турнир өтті. Чемпиондық кубок 🏆 пен ақшалай 💰 жүлде үшін «Атамекен» ҰКП машина жасау комитеті құрамындағы 12 кәсіпорын командасы бақ сынасты.

Қызыққа толы ойындардың нәтижесінде бірінші турнирдің чемпионы —🥇KLMZ командасы, екінші орын —🥈Welding Company @welding_group_kazakhstan, үшінші орын —🥉Asia Ferroalloys @asiaferroalloys.kz жеңіп алды.

Машина жасау комитетінің төрағасы Жәнібек Байғабелов @zhanibek_baigabelov және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов @yernar.kulpeisov жеңімпаздарды марапаттап, осы турнирді тұрақты түрде өткізуге, сондай-ақ республикалық деңгейде машина жасаушылар жарыстарын ұйымдастыруға бастамашы болуға уәде берді. 🇰🇿 @soyuzmashkaz @atameken.qaragandy